Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары жергілікті тұрғындардың бұрынғы таныстары тарапынан жасалған заңсыз әрекеттерге қатысты шағымдары негізінде сталкинг деректері бойынша екі қылмыстық істі тергеуге кірісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ресми мәліметтерге сәйкес, екі жағдайда да жәбірленушілер өз қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын мәлімдеген.
Бірінші оқиға бойынша зардап шегуші полиция бөліміне 2025 жылғы 13 қаңтарда арызданған. Әйел адамның айтуынша, бұрынғы танысы қарым-қатынас үзілгеніне қарамастан, оны бақылаудан босатпаған және жүйелі түрде соңынан еріп, қадағалауды жалғастырған. Бұрын бұл ер адам тиісті жауапкершілікке тартылғанымен, заңсыз әрекеттерін тоқтатпаған. Қазіргі уақытта ізіне түсу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Екінші оқиға 2024 жылдан бері жалғасып келген, алайда ресми арыз 2025 жылғы 3 ақпанда тіркелген. Зардап шегушінің айтуынша, бұрынғы танысы белгісіз телефон нөмірлерінен үнемі қоңырау шалып, тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орнының алдында аңду әрекеттерін жасаған. Тіпті ресми түрде шығарылған қорғау нұсқамасының талаптары да күдіктінің әрекеттеріне тосқауыл бола алмаған. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, Ақтау қалалық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Полиция қызметкерлері екі оқиғаның да барлық егжей-тегжейін анықтау үшін кешенді тергеу