Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында көпшілік асыға күткен мәнерлеп сырғанаудан ерлер бәсекесінен финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды.
Үздік бестікте! Алда – шешуші сайыс
Фото: Сали Сабиров
100
оқылды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің қысқа бағдарламасында 92.94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):

1.Илья Малинин (АҚШ) – 108.16 ұпай

2.Юма Кагияма (Жапония) – 103.07

3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 102.55 ұпай (мансабындағы жеке рекорды)

4.Даниэль Грассль (Италия) – 93.46 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 13 ақпан күні Астана уақытымен сағат  21:00-де өтеді.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасының қола жүлдесін алған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.