Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын, елдің қалған бөлігінде аяз болады.
Республика бойынша аяз күшейіп, тұман түседі
Фото: iStock
672
оқылды

Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйеніп.

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Температуралық фонда біртіндеп жылыну күтіледі: батысында түнде 15-25° аяздан 2-12° аязға дейін, күндіз 5-15° аяздан 5° аяз – 5° жылуға дейін. Солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 20-31° аяздан 15-25° аязға дейін, күндіз 15-22° аяздан 5-13° аязға дейін. Орталығында түнде 20-31° аяздан 12-23° аязға дейін, күндіз 10-20° аяздан 1-12° аязға дейін жылыну күтіледі. Республиканың шығысында түнде ауа температурасы 13-23° аяздан 25-33° аязға дейін төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.