Конституциялық комиссияның кезекті отырысы тікелей эфирде өтіп жатыр.
Жаңа Конституцияның жобасы бойынша 10 мыңнан аса өтініш түсті – Эльвира Әзімова
236
оқылды

Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованың айтуынша, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға 10 мыңнан астам өтініш түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Бүгінге дейін Конституциялық комиссияның атына 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл – комиссия мүшелерінің, азаматтардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының, бизнес құрылымдарының және өзге де мүдделі тараптардың ұсыныстары.

Әрбір бағыт бойынша құқықтық және мазмұндық талдау жүргізілді. Ұсыныстар олардың негізділігі және іске асырылу мүмкіндігі тұрғысынан бағалануда. Мұндай белсенділік қоғамның жоғары деңгейдегі қатысын айқын көрсетеді және жаңа Конституция жобасын талқылаудың шынайы ашық әрі мазмұнды сипат алғанын дәлелдейді, –  деді Эльвира Әзімова.