Бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатысы болған тұлғаға мұндай атақ беруге жол берілмейді.
Сыбайлас жемқорлықпен айналысқан бұрынғы әкімі «Ауданның Құрметті азаматы» атағынан айырылды
129
оқылды

Абай облысы прокуратурасы Бесқарағай аудандық мәслихатының бұрынғы аудан әкімі Нұрлан Сыдықовқа «Ауданның Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімінің заңдылығын тексерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қолданыстағы қағидаларға сәйкес «Абай облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағы мінсіз еңбегі мен қоғам тарапынан мойындалған елеулі қоғамдық пайдалы нәтижелері бар жетістіктері үшін азаматтарға беріледі.

Нұрлан Сыдықов Жарма ауданының әкімі қызметін атқара отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған және Жарма аудандық сотының үкімімен сотталған.

Бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатысы болған тұлғаға мұндай атақ беруге жол берілмейді.

Абай облысы прокуратурасының наразылығы бойынша, аудандық мәслихаттың шешімімен экс-әкім «Ауданның Құрметті азаматы» атағына ие болған адамдар тізімінен шығарылды.