Арыстанбек Әбілхайырұлы денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеді.
Ол нақты себебін ашып айтқан жоқ. Тек бір ай бұрын денсаулығына байланысты екі апталық демалыс алғанын атап өтті.
Бұл қызметте ол 1 жыл 2 ай жұмыс істеді.
2005-2006 жылдар аралығында «MAG group» құрылыс компаниясында еңбек жолын бастаған;
2006-2009 жылдар аралығында Үкіметтік тәжірибелік шаруашылығында директор көмекшісі қызметін атқарған;
2009-2023 жылдар аралығында Талғар қаласындағы «Марат» өндірістік кооперативінде даму менеджері болып, осы кәсіпорынның орынбасары лауазымына дейін көтерілген;
2023 жылдан бастап «Талғар тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарған.
2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Талғар қаласының әкімі болды.