Ақын Жүрсін Ерман "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ақын шығармашылықта көкейінде жүрген дүниенің барлығын жасай алмағанын жеткізді.
«Ойымда болған дүниенің бәрін жасай алмадым. Бес жылдан бері өлең де жазбаймын. Денсаулыққа байланысты тоқырап қалдым. Өлең деген жүректің оты ыстық кезде ғана жазылады. Қолымнан келгенінше жаздым кезінде. 25-ке жуық кітап шығардым. Соңымнан ерген шәкірттерім де көп. Кейін жастар айтысты дамытып, әрі қарай алып кетсе деген тілегім бар», - деді ақын Жүрсін Ерман.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.