Алтын бағасы шарықтап барады. Сондықтан алтынға әшекей деп емес, инвестиция ретінде қараған тиімді, - дейді мамандар.
Алтын құйма – сенімді инвестиция құралы
Фото: iStock
102
оқылды

Былтыр Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 889,5 келі 27 807 өлшемді құйма сатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өлшемді құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (20 526 дана, 74%), Астана (1 650 дана, 6%) және Шымкент (1 099 дана, 4%).

Халыққа арналған өлшемді құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Alatau city bank, ЦентрКредит Банкі арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пункттерінде сатып алуға немесе кері сатуға болады.

каз1.jpg

Осылайша, 2025 жылы ЕДБ мен банктік емес жекелеген айырбастау пункттері кері сатып алғанды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 1,1 т – 40 799 өлшемді құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы сатылған алтын құймалардың жалпы саны – 263 479, ал олардың жалпы салмағы – 9 т.

Халық арасында сұранысқа ие алтын құйманың салмағы – 10 г. Сатылған көлемнен оның жалпы үлесі 26% – 67 833 дана. Одан кейінгісі 5 грамдық құйма, сатылғаны – 57 847 дана (22%), 100 грамдық құймадан – 53 289 дана (20%), 20 грамдықтан – 49 154 дана (19%) және 50 грамдық құймадан – 35 356 дана (13%).

Әрбір алтын құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес беріледі.

Алтын құйма – сенімді инвестиция құралы. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пункттері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.