Павлодар облысындағы Майқайың кентінде көрші екі үйден ұзақ уақыт бойы жатқан екі мәйіт табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл ақпарат алғаш әлеуметтік желілерде тараған соң, өңірлік полиция пікір білдірді. Павлодар облысының Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу әрекеттерінің барлық мән-жайды жан-жақты анықтауға бағытталғанын хабарлады.
Ресми емес ақпараттарға сәйкес, сол үйлерде секталық бағыттағы, тұйық өмір салтын ұстанған отбасы тұрған болуы мүмкін. Кейбір ақпаратта табылған мәйіт қарт әйел мен немересі екенін болжанады. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, табылған мәйіттер әлгі әйелдің қызы мен күйеуіне тиесілі болуы ықтимал.
Сонымен қатар кейбір пабликтерде жас әйелдің шамамен үш жыл бұрын қайтыс болғаны туралы дерек айтылып жатыр.
kerek.pv Telegram каналында жазылған дерекке сүйенсек, үйлердің бірінен әртүрлі уақытта қайтыс болған отбасының екі мәйіті табылды. Бірі 2-3 жыл бұрын, екіншісі өткен жылдың қыркүйек айында қайтыс болған деді.