Қазақстан Президенті Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады.
Бұл туралы Президент көмекшісі - Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр Мемлекет басшысының құттықтауын жазған хабарламада мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді, - деп жазылған хабарламада