Қуанышты сәттің алғашқы қонақтары ретінде ол өз ата-анасын, ата-енесін, кіші келін мен әулеттің үлкендерін шақырған.
Танымал әртіс Жұлдыз Әбдікәрімова қоныс той жасады
193
оқылды

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа баспанасына орай қоныс той өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қуанышты сәттің алғашқы қонақтары ретінде ол өз ата-анасын, ата-енесін, кіші келін мен әулеттің үлкендерін шақырған. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова келінінің жаңа үйіне шашу шашып, ақ батасын берді. Екі жақтың үлкендері бір дастархан басында бас қосып, әсерлі әрі жылы атмосфера қалыптасты.

Қоныс тойға арнайы аспаз шақырылып, қонақтарға ерекше тағамдар ұсынылған. Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова келініне 1 миллион теңге көлемінде сыйлық табыстаған.

Желі қолданушылары да бұл қуанышты жаңалықты жылы қабылдап, ізгі тілектерін жаудырды.

Олар: «Қандай жылы көрініс!», «Көз тимесін!», «Жұлдыз өте ақылды, дұрыс жасадың!», «Бәрін бірге көріп қуанып отырмыз!», «Рәбия Сұлтан дүниеге келіп, бәрінің басын қосты», «Осылай төрт көздеріңіз түгел болсын!», «Бүкіл Қазақстан сіздерге қуанып отырған шығар?!», – деп пікір қалдырған.

Жұлдыз Әбдікәрімованы жаңа қонысымен құттықтаған оқырмандар отбасы бақыты мен берекесін тіледі.