Шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында кезекті санитарлық рейсті ТЖМ-нің Қазавиақұтқару авиакомпаниясының тікұшақ экипажы орындады.
Қызылорда облысында бір айлық сәби санитарлық авиациямен эвакуацияланды
102
оқылды

Қызылорда облысының Төретам кентінен бір айлық сәби шұғыл түрде Қызылорда қаласына жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында кезекті санитарлық рейсті ТЖМ-нің Қазавиақұтқару авиакомпаниясының тікұшақ экипажы орындады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе кемесінің бортында экипажбен бірге сәбиді алып жүрген медицина қызметкерлері де болған. Ұшқыштардың кәсібилігі мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұшу сәтті жүзеге асқан.

 

Сәби Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауына берілді.