Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты Орал қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол уақытша жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мәліметті ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі растады.
Хабарламаға сәйкес, 2026 жылғы 15 ақпан сағат 13:00-ден бастап республикалық маңызы бар Орал–Тасқала–РФ шекарасы автожолының 4–104 шақырым аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Жолды қайта ашу сол күні сағат 18:00-ге жоспарланған.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.