Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Ақтауда қаңтар айынан бері із-түзсіз кеткен әйелдің мәйіті табылды
Lada.kz
136
оқылды

Ақтауда қаңтар айының соңында жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің қаза тапқаны расталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында іздеуде жүрген әйелдің денесі табылған. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.

Полиция өкілдерінің айтуынша, сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана өлімнің себебі мен зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы белгілі болады. Оқиғаға қатысты құқықтық баға барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң беріледі.

Еске сала кетейік, әйел 30 қаңтар күні 35-шағынаудандағы үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Осы уақыт аралығында полицейлер тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген.