Билік өкілдерінің хабарлауынша, әуе шабуылы дабылы түні бойы жалғасқан
Ресей әскері Одессадағы теміржол нысанына шабуыл жасап, алапат өрт шықты
144
оқылды

15 ақпанға қараған түні Ресей әскері Одесса қаласына дрондармен кезекті шабуыл жасады. Соққы салдарынан теміржол инфрақұрылымының нысаны зақымданып, өрт шықты. Қайталама шабуыл кезінде жанармай цистернасы бүлініп, мұнай өнімдері төгіліп, өрт тұтанған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Одесса облыстық ТЖҚ мәліметінше, құтқарушылар күрделі жағдайда жұмыс істеп, ауқымды өрттерді сөндірді. Сонымен қатар шабуылдан қараусыз тұрған ғимараттың шатыры өртенген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 100-ден астам құтқарушы жұмылдырылды.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, әуе шабуылы дабылы түні бойы жалғасқан. Жарылыс толқыны тұрғын үйлер мен оқу орындарының терезелерін зақымдаған. Әуе қорғанысы күштері нысаналардың басым бөлігін атып түсіргенімен, азаматтық және көлік инфрақұрылымына зиян келген. Қаланың бірқатар аудандарында электр қуатының үзілуіне байланысты су беру уақытша тоқтатылған.