Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында 500 метр қашықтыққа конькимен жүгіру жарысы мәресіне жетті.
Алтын және күміс жүлде Нидерланды спортшыларына бұйырды. Алтын медальді 36.49 секунд нәтижемен Фемке Кок жеңіп алды. Күміс жүлде 37.15 секунд көрсеткен Ютта Лердамға тиесілі. Қола медаль 37.27 секунд уақыт көрсеткен жапониялық Михо Такагиге бұйырды.
Қазақстан құрамасының өкілдері Кристина Силаева 38.33 секунд нәтижемен 18-орынға тұрақтаса, Арина Ильященко 39.38 секундпен 29-орын алды.