Түркияның Самсун қаласы Везиркёпрю ауданында магнитудасы 4 болатын жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
AFAD мәліметінше, жерасты дүмпулері 00:20-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Samsun провинциясының Везиркёпрю ауданында орналасқан.
Жер сілкінісі шамамен 7 шақырым тереңдікте болған.
Самсун - Түркияның солтүстігінде, Қара теңіз жағалауында орналасқан қала.