Спектакльдің премьерасы 2025 жылы Сеул қаласында өтті. Астанадағы қойылым Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Астанада «Париждегі екі әйел» спектаклінің премьерасы өтті
Фото: gov.kz
94
оқылды

Елордада Қазақстан, Оңтүстік Корея және Ресей театрларының бірлескен халықаралық жобасы «Париждегі екі әйел» спектаклінің премьерасы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан тарапынан қойылымға Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртістері қатысты. Сонымен қатар спектакльде Ресейдің Станиславский атындағы Электротеатры мен Оңтүстік Кореяның PIAC театрының актерлері де өнер көрсетеді.

Қойылым оқиғасы 1940 жылдары Париж қаласында өрбиді. Сюжет корей халқының тұңғыш кәсіби суретшісі, тәуелсіздік жолындағы қозғалыс белсендісі На Хэ Сок пен Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасындағы әдеби кейіпкер Раневская арасында диалог негізінде құрылған. Олардың символикалық кездесуі арқылы тарихи оқиғалар, тәуелсіздік үшін күрес және жауапкершілік тақырыптары қозғалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.