Алматыда карантин кезінде телекоммуникациялар қызметіне төлем жасамағаны үшін абоненттер өшірілмейді
Алматыда карантин кезінде телекоммуникациялар қызметіне төлем жасамағаны үшін абоненттер өшірілмейді
© Сурет ғаламтордан
192
оқылды
Бұл туралы «Алматытелеком» коммерциялық директоры Нәйла Әбділдаева Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қала тұрғындарының коммуналдық қызметтерді және кейбір басқа қызметтердің төлемдерін кейінге шегеру бастамасын жүзеге асыруға байланысты дайындығы жөнінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Алматы әкімінің бастамасымен «Алматытелеком» карантин кезінде үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету үшін абоненттерді өшірмейді және ағымдағы жылдың наурыз, сәуір айлары үшін телекоммуникация қызметіне уақтылы төлем жасамағаны үшін өсімақы қоспайды. Сонымен бірге, қазақстандықтарға карантин кезінде қолдау көрсету үшін «Қазақтелеком» 20 наурыздан бері қосымша төлемсіз iD TV барлық абонеттеріне сыйақы пакеттерімен телеарналарға қолжетімділік беріп отыр. Қазіргі уақытта iD TV қызметінің пакетіне түрлі жанрдағы 170 арна қосылған: 60-тан астам қазақстандық, фильмдер трансляциясымен30-ға жуық танымдық, ойын-сауықтық, спорттық, балаларға арналған және музыкалық телеарналар. Алматы қаласы бойынша Алматытелеком АТД-да клиенттер үшін онлайн арналар жұмыс істейді: байланыс орталықтары 160, 165; портал telecom.kz; WhatsApp әлеуметтік желілерінде және Telegram қосымшаларында онлайн көмекшілер жұмыс істейді.
«Төтенше жағдай және карантин кезінде клиенттерге ыңғайлы болу үшін telecom.kz порталындағы онлайн-кеңесшілердің жұмыс уақыты WhatsApp әлеуметтік желілерінде және Telegram қосымшаларында сағат 23.00-ге дейін ұзартылды, — деп хабарлады Найла Әбділбаева — 160 және 165 нөмірлері бойынша байланыс орталықтарының жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады».
16 наурыздан 21 наурызға дейінгі кезеңде онлайн арналар бойынша өтініштер 24 есеге көбейгені байқалады. Сонымен қатар, «Алматытелеком» — да қызметкерлердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.