Әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің орынсыз айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.
«Қазақ елінен басымды иіп кешірім сұраймын...»: Қайрат Әділгерей күй атасы Құрманғазының кесенесіне барды (видео)
227
оқылды

Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының мазарына барып, құрбандық шалды, – деп жазды Aikyn.kz.

Әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің орынсыз айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.

«Ат терлетіп арнайы Астрахань облысы Алтынжар елдімекеніне келіп отырмын. Құрманғазы бабамыздың кесенесінің алдында тұрмын. Осы орайда қазақ елінен, Құрманғазы бабамыздың ұрпағынан кешірім сұраймын. Атамыз туралы қисынсыз сөз айтқаным үшін басымды иіп кешірім сұраймын. Құрманғазы бабамыздың басына барып, Құран бағыштап, құрбан шалып қайттық! Аллам жар болып, Бабаларымыздың аруағы қолдап, желеп-жебеп жатсын!» - дейді ол.

Айта кетейік, атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының ұрпақтары әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейді сотқа беретінін айтқан еді. Олар әзілкештің халық алдына шығып, күйшіні баукеспе етіп көрсетіп, өнерін хоббиі болған деп келемеждегеніне ренішін білдіріп, кешірім сұрауын талап еткен болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.