Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплиндегі командалық сайыс өтіп жатыр.
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасы 28 жыл бұрынғы үздік көрсеткішін қайталады
Фото: gov.kz
137
оқылды

Илья Мизерных пен Данил Васильевтен құралған жұп жарысты 11-орынмен аяқтады.

17 ел сынға түскен бәсекеде отандастарымыз алғашқы айналымнан сәтті өте алды және 11-орынға тұрақтады. Дәл осындай нәтижені 1998 жылы Нагано Олимпиадасында Павел Гайдук, Александр Колмаков, Дмитрий Чвыков, Станислав Филимоновтан құралған команда тіркеген еді.

Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіруден командалық сайыста отандастарымыз ең кейінгі рет 20 жыл бұрын Турин Олимпиадасына қатысқан.

Басты жетістік -  Илья Мизерных үлкен трамплиндегі сайыста 8-орын алуы арқылы ел тарихының ең үздік спортшысы ретінде есте қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.