Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, түнде оңтүстік өңірлерде күшті жауын-шашын болуы мүмкін.
Еліміздің оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.