Еске салсақ, аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте Қытай спортшысы Гүлсайран Азатты Ұлттық ұланның Burkit TEAM спорт командасының өкілі жеңген еді.
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы  Burkit TEAM  әскери қызметшісін халықаралық турнирдегі жеңісімен құттықтады
119
оқылды

Ішкі істер министрінің орынбасары  Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор Аңсаған Балтабеков аға лейтенант Әйгерім Төреханованы Қостанай қаласында өткен Naiza 81 аралас жекпе-жек турниріндегі сенімді жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Еске салсақ, аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте Қытай спортшысы Гүлсайран Азатты  Ұлттық ұланның  Burkit TEAM  спорт командасының өкілі жеңген еді.

Әйгерім үшін бұл кездесу кәсіби мансабындағы маңызды оқиға болды. Октагонға шыққанға дейін оның ММА бойынша көрсеткіші 4 жеңіс және 3 жеңіліс болған. Ал қарсыласы үшін бұл жекпе-жек кәсіби мансабындағы екінші кездесу еді.

Бас қолбасшы спортшыға алдағы уақытта жаңа жарқын жеңістер мен кәсіби шеберлігін одан әрі шыңдауды тілеп, Әйгерім Төреханованың жетістігі үлгілі тәртіптің, қайсар рух пен табандылықтың нәтижесі екенін атап өтті.

Айта кету керек, Ұлттық ұланда спортты дамытуға және жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыруға ерекше мән беріледі. Дене төзімділігін, психологиялық тұрақтылықты және бәсекелестік рухты қалыптастыру жауынгерлік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі әрі құқықтық тәртіп әскерлерінің имиджін нығайтудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қарастырылады.