Әлеуметтік желілерде 1 миллионнан астам оқырманы бар Алтынбекова 2025 жылдың қыркүйегінде «Астанамен» келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеген еді.
Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова жайлы жанкүйерлері күтпеген ақпарат таратты
145
оқылды

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова елордалық «Астана» клубынан кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы «Инсайды волейбол KZ» Telegram арнасы жазды.

Әлеуметтік желілерде 1 миллионнан астам оқырманы бар Алтынбекова 2025 жылдың қыркүйегінде «Астанамен» келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеген еді. Бірақ биылғы маусымда ол бұл ұжым сапында өнер көрсетпейді.

«Қазақстандағы ең танымал волейболшы Сабина Алтынбекова биылғы маусымда “Астана” сапында алаңға шықпайды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, спортшы “Астана” ВК-мен келісімшартын үзген», – делінген хабарламада.

29 жастағы спортшы «Астана» құрамына Индонезияның Yogya Falcons клубынан ауысып келген болатын. Алайда биылғы маусым команда үшін сәтсіз өтті: ұжым 18 матч өткізіп, бірде-бір жеңіске жете алмай, ел чемпионатының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр.

Бұған дейін Алтынбекова жапониялық GSS Sunbeams және БАӘ-нің Al-Wasl клубтарында өнер көрсетті.  Al-Wasl  сапында ол Араб лигасының чемпионы атанды.

Айта кетейік, Алтынбекова 17 жасынан бастап Қазақстанның түрлі жас санатындағы ұлттық құрамаларына шақырылып келеді. 2014 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жарқырап көрініп, турнирдің ең сұлу спортшысы атанған еді.