Куәгерлердің айтуынша, әсіресе көпқабатты үйлердің жоғары қабаттарында тербеліс анық байқалған.
Алматыда жер сілкінісі сезілді
517
оқылды

Бүгін Алматы тұрғындары жерасты дүмпулерін сезді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, әсіресе көпқабатты үйлердің жоғары қабаттарында тербеліс анық байқалған.

Кейбір тұрғындарға Google жүйесі жер сілкінісі туралы алдын ала ескерту жіберген. Ал Android Earthquake Alerts System сервисінің дерегінше, магнитудасы шамамен 5,1 болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зілзаланың ошағы Алматыдан 74 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Қалада 2 балдық жер сілкінісі тіркелген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.