Ол үш келінінен Нұртас әулетіне тағы үш сәби қосылғанын айтып, әуелі қызы Аруназдың 40 күндік мерейтойын атап өтті.
Гүлзира Айдарбекова отбасына үш сәби қосылғанын жариялады
157
оқылды

Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ол үш келінінен Нұртас әулетіне тағы үш сәби қосылғанын айтып, әуелі қызы Аруназдың 40 күндік мерейтойын атап өтті.

 

Продюсердің жазуынша, бұл мереке кезінде отбасы мен құда-құдағилар арасында мерекелік көңіл күй орнаған. Әлеуметтік желі қолданушылары Гүлзираны құттықтап, жылы тілектерін білдіріп жатыр.

«Аллаға сансыз шүкірлер, үш келінімізден Нұртас әулетіне тағы үш перзент қосылып, отбасымызда кішірігім құда-құдағиларымызбен мереке-сәре болған сәттерімізді бөлісіп қояйын. Аруназ қызымызға 40 күн! Әумин деп, жүрек жылуын толтыра лайк басып, тілек жаза кетіңіздерші. Ұрпақтарыңызбен қуанып, ең бақытты сәттерді сезіну сіздерге де жұғысты болсын!», – деп жазды ол.