Тарасова спортшының секіру техникасын жоғары бағалап, оның таза және техникалық тұрғыдан мінсіз орындағанын атап өтті
Белгілі бапкер Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы жеңісін жоғары бағалады
www.championat.com
195
оқылды

Аты аңызға айналған бапкер, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров үшін қуанышын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тарасова спортшының секіру техникасын жоғары бағалап, оның таза және техникалық тұрғыдан мінсіз орындағанын атап өтті:

«Мен Шайдоров үшін және оның бапкері үшін өте қуаныштымын. Талантты жігіт Олимпиада ойындарын жеңіп алды. Ол өте таза секірді, техникалық бағасы да өте жоғары болды», – деді бапкер.