ҚазАвтоЖол Солтүстік-Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін, 17 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңажол бақылау-өткізу пункті)» автожолының 367 — 473 шақырым аралығы (Келлеровка ауылы — Бескөл ауылы);
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы (Қайрақ бақылау-өткізу пункті)» автожолының 407 — 429 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Чистополье ауылы).
Жолды 2026 жылғы 18 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.