Жасөспірім көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.
Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап кетті
164
оқылды

Күні кеше сабақтан тыс уақытта жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2008 жылы туған оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жасөспірім көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде ауыр, бірақ тұрақты жағдайда, есін біледі.

Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен оқушыға II бел омыртқасы денесінің III дәрежелі жабық компрессиялық сынуы, сондай-ақ екі өкше сүйегінің ығысусыз жабық сынуы диагнозы қойылған.

Мектепте оқиға фактісі расталды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр.