Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Алматыда қыздың кеудесіне қол жүгірткен курьер қамауға алынды
175
оқылды

Алматыда сот қызға тиісті деп айыпталған курьерді кінәлі деп таныды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ер адам «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алматы қалалық Полиция департаменті мен қалалық соттың мәліметінше, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оның әрекетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша саралаған.

Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Жәбірленуші курьерді жыныстық сипаттағы әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен. Бірақ іс әкімшілік өндіріс шеңберінде қаралған.

Оқиға 14 ақпанда болған. Жәбірленуші Дарьяның айтуынша, шамамен сағат 20:40-та курьер оған гүл жеткізген. Тапсырыс ауыр болғандықтан, қыз гүл себетін дәлізге қойып беруін сұраған.

Оның сөзінше, курьер пәтерге кіріп, гүлді қойғаннан кейін халатынан тартып, кеуде тұсына қол тигізген. Қыз қатты шошып, ер адамды пәтерден шығарып жібергенін және есікті әрең жапқанын айтқан.

Кейін жәбірленуші оған хабарлама жазған. Жауап ретінде ер адам балағат сөздер айтып, қорлау сипатындағы сөздер жолдаған.

Оқиғадан кейін қыз дереу полиция шақырып, арыз түсірген. Кейін курьердің InDrive сервисінде жұмыс істегені анықталған. Компания өкілдері оның аккаунты бұғатталғанын мәлімдеді.