Әншіні өнердегі әріптестері мерейтойымен құттықтап, тосынсый жасаған.
"Жақтырмай тұр ма?": Ұлықпан Жолдасовтың әрекеті талқыға түсті (видео)
144
оқылды

Белгілі композитор, әнші Ұлықпан Жолдасов 60 жасқа толды, – деп жазды Aikyn.kz.   

Әншіні өнердегі әріптестері мерейтойымен құттықтап, тосынсый жасаған. Алайда әнші торттың бетіндегі шырақты үрлеп өшірмейтінін айтты. Сөйтіп оны қолымен өшіруге тырысқан.

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін қолдаса, енді бірі сынға алды. 

«Біртүрлі жақтырмай тұр ма, менсінбей тұр ма», «Шырақты қабылдамай тұр. Терең білімді азамат қой», «Жігіттер қошеметпен құттықтап жатыр. Не болды соншама, тыржиып, жақтырмай», «Өте дұрыс жасап тұр. Өмір көрген кісі. Өз отын өзі өшірмейді негізі», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.