Іс-шараға музей және архив саласының өкілдері, өнер қайраткерлері, зерттеушілер, сондай-ақ ақынның немересі Салтанат Жамбыл қатысып, өз пікірі мен естеліктерін бөлісті.
Алматыда Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай шығармашылық кеш өтті
Фото: iStock
132
оқылды

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық меройтойына арналған «Халық менің шын атым» атты шығармашылық кеш өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кеш аясында архив қорынан алынған 1932-1946 жылдардағы сирек фотоқұжаттар негізінде көрме ұйымдастырылды. «Архив–2025» бағдарламасы бойынша Ресей дыбыс архивінен алынған Жамбыл Жабаев дауысының аудиожазбасы көрерменге ұсынылды.

Іс-шара барысында «Жамбыл» атты көркем фильм көрсетілді. Фильмде ақынның өмір жолы, шығармашылығы мен түрлі тарихи кезеңдегі қоғамдық рөлі баяндалады.