Алматыда өткен жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, республикадағы кітапхана басшылары, сондай-ақ арнайы мектеп-интернаттарының қызметкерлері қатысты.
Мамандандырылған кітапханалардың даму бағыттары талқыланды
Фото: gov.kz
105
оқылды

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «55 жылдық қызмет: мүгедектер үшін кедергісіз орта құру, олардың ақпараттық толықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету» атты республикалық конференция өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шара барысында кітапхана ісінің дамуы мен қолжетімді ақпараттық ортаны қалыптастыру мәселелеріне арналған баяндамалар жасалды.

Сонымен қатар  кітапханаға еңбегі сіңген сала майталмандарына «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісі табысталды.

Кітапхана 1971 жылдан бері көру қабілеті нашар азаматтарға ақпараттық, білім беру және мәдени қызмет көрсететін бірегей орталық ретінде жұмыс істейді. Мұнда Брайль қарпімен басылған басылымдар қоры жинақталған. Сонымен қатар дыбыстық әдебиеттер дайындалып шығарылады. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы техникалық құралдар қолданылады. Бүгінде кітапхана дәстүрлі қызмет түрлерін цифрлық технологиялармен ұштастыра отырып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға толыққанды қызмет көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.