Ол үй ауласындағы шаруашылық құрылыстың ішінен анықталған.
Ақтөбе облысында жас мұғалімнің мәйіті табылды
202
оқылды

Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Еңбекші ауылында 2002 жылғы мұғалімнің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәйіт үй ауласындағы шаруашылық құрылыстың ішінен анықталған.

Педагог сабаққа келмеген соң, әріптестері алаңдап, оны үйіне дейін іздеп барған. Сол жерде оның мәйітін тапқан. Жас мұғалім ағасымен бірге тұрған, ал ата-анасы Ақтөбе қаласында тұрады.

Марқұмның тарих пәнінен сабақ бергені белгілі болды. Ол 2025 жылдың ақпан айынан бастап Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақша кешенінде жұмыс істеген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тергеу нұсқаларының бірі ретінде өзіне қол жұмсау фактісі қарастырылып жатыр. Мұғалім үйленбеген әрі ауыл мектебінде бір жылға жетпейтін уақыт жұмыс істеген.