«AMANAT» партияcының Хатшысы Эльдар Жұмаға­зиевтің төрағалығымен Кәсіпкерлік мәселелері жөн­індегі республикалық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев, салалық қауымдастықтардың өкілдері және «Атамекен» ҰКП қатысты.
Кәсіптік салада жан-жақты өзгерістер қажет
104
оқылды

Кеңес құрылған сәттен бас­тап өңірлер мен бизнес-қоғам­дастықтан 170-ке жуық өтініш түсті. Оның ішінде 62 мәселе жүйелі сипатқа ие деп танылып, әрі қарай пысықтау үшін тізі­лімге енгізілді. Бірқатар мәселе оң ше­ші­ліп, кейбір бағыт про­фильді министрліктермен бір­лесіп қа­рас­тырылуда.

Партия Хатшысы көтерілген мәселелерді жан-жақты қарас­ты­рудың маңызын атап өтіп, вед­омствоаралық жұмысты жед­ел­дету қажетін және келесі отыр­­ыс­қа дейін барлық мәселе бойын­­ша негізделген, мазмұнды шеш­ім­дер ұсыну керегін жет­кізді.

Сонымен қатар жиында жас­анды интеллект технологиялары негізінде әзірленген «Ашық Аман­ат» талдау платформасының тан­ыс­ты­рылымы болды. Бұл плат­форма кәсіпкерлердің өтін­іштерін жүйелеп, қайта­ланатын мәселе­лер­ді анықтауға және олар­ды нор­ма­тивтік тұрғыда рет­теу бойынша ұсыныстар қал­ыптастыруға мүм­кін­дік бер­еді. Бұл өз кезегінде ше­шім қа­был­дау тиімділігін арт­ты­рып, ашық диалогты нығайтады.

Отырыс барысында кеден органдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданылуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын реттеу, магис­тр­алды теміржол желісі қызмет­теріне тарифтердің өсуі, жеке индустриялық аймақтарды қолдау, сондай-ақ агроөнер­кә­сіптік кеш­енді қаржыландыру құралдарын салалық ерекше­ліктерге бейімдеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ отандық тауар өн­дірушілер тізілімінің жұмыс­ына да ерекше назар аударылды. Тал­қы­лау барысында техникалық тұрақ­тылық, ел ішіндегі қосыл­ған құн үлесін есептеу әдістемесі, цифр­лық алгоритмдердің ашық­тығы және олардың мемлекеттік сатып алуға қатысуға ықпалына қатысты мәселелер көтерілді. Жиынға қатысушылар бұл ба­ғыт­тарды про­фильді ведомс­тво­лармен бірлесіп қосымша қарас­тыруға келісті.

Республикалық сүт палатасы да саладағы статистикалық есеп­ті­лікті жетілдіру, деректердің са­лыстырмалылығын қамтама­сыз ету және нарықтың ашық­ты­ғын арттыру мәселесін көтерді.

Отырыс қорытындысы бо­йын­­­ша кәсіпкерлердің ұсын­ысы  одан әрі пысықтауға қабыл­­данып, тиісті мемлекеттік ор­­ган­­дардың бақылауына алын­ды. Келесі кең­ей­тілген отырысты  Премьер-Ми­н­истрдің орынба­сары – Ұлттық экономика ми­нистрінің қатысуы­мен өткізу жоспарлануда.

«AMANAT» партиясы бизнес пен мемлекет арасындағы сын­дарлы диалогты нығайту бағыт­ындағы жүйелі жұмысын жалғас­тырып, нақты шешімдер мен эко­номиканың тұрақты дамуына басымдық беретін болады.

Елнар ЕЛТАЙ