Антикоррупция қызметінің жедел департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметі.
"Өз қатарының тазалығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 20 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Ішкі қауіпсіздік департаменті 3 (жедел) басқарма уақытша департаменті басшысының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, қазіргі уақытта Қызылорда уақытша тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі қылмыстық істі тергеу Агенттік төрағасының жеке бақылауында екенінайтты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.