Ақтөбеде сот Qarakesek атымен танымал рэперге үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сот 31 жастағы рэпер Омар Аманбаевты психотроптық затты заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды.
Ол сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізілген. Соңғы сөзінде айыпталушы кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін айтып, өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Оның орнына емделу мүмкіндігін беруді сұрады. Сондай-ақ айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындауды сұрап, өтініш білдірді.
Музыканттың айтуынша, ол төрт баланы тәрбиелеп отыр әрі мамандардың көмегіне мұқтаж.
Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы рэпердің психотроптық затты сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылғанын хабарлады.
Сот шешімімен оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.