Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыс фактісі бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Қызылордада бірнеше жасөспірім бір жігітті соққыға жығып, қашып кетті
189
оқылды

Қызылорда қаласында 18 ақпанда кешкі сағат 21:00 шамасында бірнеше жасөспірім бір жігітке шабуыл жасап, оны соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы куәгерлер хабарлады.

Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыс фактісі бойынша бұзақылық  бабымен қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаға қатысқан жасөспірімдер анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеудің барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.