Сонымен қатар футболшы оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін команда елге оралатынын атап өтті.
Футболшы Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға қатысты пікірін білдірді
146
оқылды

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны және Қостанайдың «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ұлттық командаға қайта оралу мүмкіндігі туралы пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Футболшы ASnews YouTube арнасына сұхбат берді. Матчтан кейінгі сұхбатында ол команданың жеңісіне қуанышын жеткізді. Тағыбергеннің айтуынша, «Ахмат» командасы оңай қарсылас емес, алайда ойын барысында команда бапкердің барлық тапсырмасын орындап, жеңіске жеткен. Сонымен қатар футболшы оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін команда елге оралатынын атап өтті.

Сұхбат барысында Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов туралы да пікір білдірді. Ол ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын айтып, бас бапкердің өзін жастарға бағыт-бағдар бере алатын тәжірибелі ойыншы ретінде қарастыруы мүмкін екенін жеткізді.

Ұлттық құраманың шақыруына қайта оралу ықтималдығына қатысты Тағыберген: «Егер шұғыл қажеттілік туындап, арнайы шақырту болса, көмектесуге дайынмын. Алайда шынымды айтсам, бұл дұрыс шешім болмас еді деп ойлаймын. Мені құрама сапынан лайықты түрде шығарып салды. Ел намысы үшін барымды салдым деген сезімдемін», – деді.

Айта кеткен жөн, Асхат Тағыберген Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 63 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанған.