Футбол алаңында тамаша сейвтерімен танымал Куртуа бұл жолы инвестициялық нарықта «сейв» жасады деуге болады.
Атақты қақпашы Тибо Куртуа француздық клубтың тең иесі атанды
93
оқылды

Бельгиялық қақпашы Тибо Куртуа енді тек алаңдағы ойынымен ғана емес, іскерлік қадамдарымен де мұқым елдің назарын өзіне аударып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

19 ақпанда 33 жастағы футболшы Францияның "Ле Ман" клубының тең иесі атанғаны ресми түрде расталды.

"Реал Мадрид" футбол клубының негізгі қақпашысы мансабының шыңына жеткен тұста болашағын ойлап, футболдан тыс бағытта да беделін қалыптастыруға кірісті.

Куртуа бұл жобада жалғыз емес. Бұған дейін "Ле Ман" клубы әлемдік спорт жұлдыздарынан инвесторлар тобын тартқан. Олардың қатарында 24 мәрте "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы Новак Джокович, «Формула-1» өкілі Кевин Магнуссен және 2008 жылғы маусымның вице-чемпионы Фелипе Масса бар. Джокович, Магнуссен және Масса өткен жылдың тамыз айында клуб акцияларын сатып алып, директорлар кеңесіне қосылған.

Reuters агенттігінің мәліметінше, инвестициялық келісімді бразилиялық OutField тобы басқарған.

Қазіргі таңда "Ле Ман" Францияның екінші дивизионында өнер көрсетеді. Танымал спортшылардың клуб құрылымына келуі команданың имидждік тартымдылығын арттырып қана қоймай, қаржылық мүмкіндігін де кеңейтеді.