29 жастағы спортшы бұл жолы төрт бірдей жарыста топ жарды
«11 алтын жүлде»: Норвегиялық спортшы қысқы Олимпиада тарихындағы ең табысты шаңғышы атанды
157
оқылды

Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Хёсфлот Клебо 50 шақырымдық жалпы жарыста жеңіске жетіп, Олимпиада-2026 ойындарында алтын медаль санын алтыға жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

29 жастағы спортшы бұл жолы төрт бірдей жарыста топ жарып, Олимпиададағы алтын жүлделерінің жалпы санын он бірге жеткізді. Ол 2018 жылғы Олимпиадада үш рет, 2022 жылғы ойындарда екі рет чемпион атанған еді.

Осылайша Йоханнес Клебо қысқы Олимпиада тарихында 11 алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы атанып, жаңа рекорд орнатты.