Елордадағы Байқоңыр ауданында Н.Гастелло көшесі бойында орналасқан екі қабатты ғимаратта өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
ТЖМ хабарлауынша, өртті сөндіру штабы құрылып, үш жауынгерлік учаске іске қосылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етіліп, газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік мақсатында сегіз газ баллоны сыртқа шығарылды. Өрттің таралу қаупі жойылып, тілсіз жау оқшауланды.
Өрт 270 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау жылыту пешін дұрыс пайдаланбаудан шыққан.