Чесноковтың Шотландия чемпионы атануға мүмкіндігі зор
Ислам Чесноков «Хартс» сапындағы алғашқы голын соғып, командасына жеңіс әкелді
94
оқылды

Қазақстандық футболшы Ислам Чесноков «Хартс» сапындағы алғашқы голын соғып, командасына жеңіс әкелді. Шотландия чемпионаты аясында өткен матчта ол бірінші таймның соңында «Фалкирк» қақпасын дәл көздеп, кездесудегі жалғыз голдың авторы атанды – 1:0.

Чесноков қатарынан үшінші рет негізгі құрамда алаңға шықты және алғаш рет «Хартс» үшін толық матч өткізді.

28 турдан кейін «Хартс» турнир кестесінде 60 ұпаймен көш бастап тұр. «Рейнджерстен» басымдығы – бес ұпай, қарсыластың бір ойыны кем. Маусым соңына дейін 10 тур қалды. Келесі кездесу 28 ақпанда өз алаңында «Абердинге» қарсы өтеді.