Жарыс Германияда өтті
Нариман Кұрбанов Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді
88
оқылды

Германия Котбус қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 2026 жылдың алғашқы әлем кубогында Қазақстан қоржынына медаль түсті. 

Qazsport дерегінше, Нариман Кұрбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда қола медаль иеленді. Отандасымыз финалда 14.933 балл жинады. Тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдрысов ақтық сында 4-сатыға жайғасты (14.933 ұпай). 

Тұтқалы ат снарядындағы жүлдегерлер: 

1. Габриэле Таргетта (Италия) 15.000

2. Мамикон Хачатрян (Армения) 14.966

3. Нариман Кұрбанов (Қазақстан) 14.933