WBO орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша шешім қабылдады. Мельдонийге тапсырылған допинг-сынақтың оң нәтижесі расталғаннан кейін боксшы бір жылға дисквалификацияланды.
2026 жылғы 19 ақпандағы резолюцияға сәйкес, шеттету мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап есептеледі. Соған қарамастан, Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Ұйым оның бұған дейін антидопинг ережелерін бұзбағанын және тергеу барысында ынтымақтастық танытқанын ескерді.
Дисквалификация кезеңінде қазақстандық спортшы WADA бақылауындағы кездейсоқ тестілеу бағдарламасынан өтіп, сертификатталған білім беру курсынан өтуі және сынақ нәтижелерін WBO-ға ұсынуы тиіс. Шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін ол алғашқы жекпе-жегін уақытша чемпион немесе міндетті үміткерге қарсы өткізуі керек. Осы аралықта WBO уақытша титул үшін Дензел Бентли мен Эндри Сааведра арасындағы жекпе-жекті бекітті. Шешімге 14 күн ішінде шағым түсіруге болады.