Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпия ойындары аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы төрт жылдықтың басты додасына 36 спортшымен қатысып, 10 спорт түрінде сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша ел құрамасы 94 мемлекеттің ішінде 19-орынға тұрақтап, бір алтын медаль жеңіп алды.
Жалпы көрсеткіш
19-орын (94 елдің ішінде)
1 алтын медаль
Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанау (ерлер)
Топ-10 нәтижелер
Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау) – 10-орын
Надежда Морозова (конькимен жүгіру, 3000 м) – 6-орын
Надежда Морозова (5000 м) – 10-орын
Елизавета Голубева (1500 м) – 7-орын
Әйелдер құрамасы (командалық жарыс, конькимен жүгіру) – үздік 8
Илья Мизерных (шаңғымен тұғырдан секіру, үлкен трамплин) – 8-орын
Денис Никиша (шорт-трек, 500 м) – 7-орын
Анастасия Городко (фристайл-могул) – 8-орын
Павел Колмаков (фристайл-могул) – 9-орын
Евгений Кошкин (конькимен жүгіру, 500 м) – 9-орын
Фристайл-акробатика (микст) – 7-орын
Тарихи нәтиже
Қазақстан 1994 жылдан бері алғаш рет үздік 20 ел қатарына енді.
Мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада алтыны.