Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында үйге іргелес тұрған қора өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Нәтижесінде қатар орналасқан 2 тұрғын үй құтқарылды.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада