Тексеру нәтижесінде бәске қатысқан 76 адам жауапкершілікке тартылыпты
Түркияда әтеш төбелесін ұйымдастырғандарға 11 миллион теңге айыппұл салынды
istockphoto.com
163
оқылды

Түркияның Хатай провинциясы Дөртиол ауданында заңсыз әтеш төбелесі ұйымдастырылғаны анықталды. TRThaber  мәліметінше, арнайы рейд барысында құқық қорғау органдары «қауымдастық» атауымен жұмыс істеген нысанда құмар ойын элементтері бар жарыс өткізілгенін әшкереледі.

Тексеру нәтижесінде бәске қатысқан 76 адам жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 990 436 түрік лирасы көлемінде (шамамен 11 миллион теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Ұйымдастырушыға құмар ойын өткізуге жағдай жасағаны үшін, ал тағы төрт адамға жануарларға қатыгездік танытқаны үшін сотқа дейінгі іс қозғалды.