Қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне бала 7 тәулік бойы ішінің ауырғанына, тәбетінің болмауына және құсу белгілеріне шағымданып түскен.
Шымкентте 8 жасар баланың асқазанынан бір уыс шаш алынды
150
оқылды

Шымкент қаласында 8 жастағы балаға шұғыл ота жасалып, асқазанынан ірі көлемдегі шаш жиынтығы алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне бала 7 тәулік бойы ішінің ауырғанына, тәбетінің болмауына және құсу белгілеріне шағымданып түскен. Туыстарының айтуынша, соңғы күндері ол мүлде тамақ ішпеген.

Дәрігерлер тексеру барысында іш қуысын пальпациялау кезінде асқазан тұсынан бөгде түзілісті анықтаған. Инструменталдық зерттеулер нәтижесінде асқазанда бөгде дене бары нақтыланды.

Науқас шұғыл түрде операцияға алынып, хирургиялық араласу барысында асқазаннан ірі көлемдегі шаш массасы шығарылды. Медицинада мұндай жағдай трихобезоар деп аталады. Бұл – асқазанда жиналған шаштың тығыз түзілісі.

Мамандардың айтуынша, трихобезоар сирек кездесетін патология саналады. Ол көбіне балалар мен жасөспірімдерде, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі әйелдер арасында байқалады.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің бақылауында.