Үшемдердің есімдері Қарақат, Қымбат және Сымбат.
Жас ана үшемдерді дүниеге әкелді
Фото: iStock
146
оқылды

6 ақпанда Атырау облыстық перинаталдық орталығында 29 жастағы ана үш қызды дүниеге әкелді. Бүгін анасы мен сәбилер перзентханадан шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Нәрестелердің салмағы – 1 921, 2 275 және 2 204 грамм. Бойы 44-45 сантиметр. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен балалардың жағдайы жақсы.

Атырау облысында үшемдердің дүниеге келуі сирек. Мұндай жағдай соңғы рет 2024 жылы тіркелген екен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.